Ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетіктері: құнының 50%-ін мемлекет төлейді

Ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетіктері: құнының 50%-ін мемлекет төлейді

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде жалға берілетін үйлер салу бойынша жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларының жобасы әзірленді.

Ережеге сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен тұрғын үй сала алады, оның 50%-ін үй пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет жабады.

Сонымен қатар, үйдің жалпы ауданы 100 шаршы метрден, ал 1 шаршы метрдің құны 100 мың теңгеден аспауы керек.

Жұмыс берушілер тұрғын үйді кемінде 5 жылға еңбек шарты жасалған өз қызметкерлеріне жалға беретін болады.

5 жылдан кейін жұмыс беруші қызметкерге тұрғын үйді республикалық бюджеттен төленген субсидия сомасын есепке алмағандағы бағамен сата алады.

Құрылыстың жаңа тетігі Қазақстандықтардың ауылда тұруға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, жедел деректер бойынша, еліміздің 76 ауданында шамамен 2855 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда.