Басқарма қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

Басқарма қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады
Облысымызда короновирус дертімен ауырғандар санының артуына және қайта қызыл деңгейге өтуіне байланысты Басқарма ұжымымен короновирусқа қарсы екпе салдыру жөнінде отырыс өткен болатын.
Кеңес барысында қызметкерлердің келісімімен екпе алу туралы бір ауыздан шешім қабылданды.
Осыған байланысты, 2021 жылғы 29 маусымда Басқарма басшысы Б.Б.Сейтқали бастамасымен ұжым қызметкерлері короновирусқа қарсы екпе қабылдады.
Денсаулығымызды сақтау және Covid19 дерті таралуының алдын алу мақсатында баршаңызды екпе алуға шақырамыз.