ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйегінде тәжірибе алмасу мақсатында «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ қызметкерлері Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді. Сапар барысында қызметкерлер Астана қаласының құрылыс алаңдарында барып, құрылыс саласындағы қала құрылысы нормалары мен ережелерін сақтау мәселелерін, құрылыс барысында туындайтын проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі ынтымақтастық және тұрақты тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.