«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Орал қаласы 24 мамыр 2024 жыл
Талданатын объект туралы мәлімет:
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма).
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көш. №116
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының 15.04.2024 жылғы № 63-нқ бұйрығы негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2023 ж – 01.04.2024
Талдау кезеңі: 23.04.2024 ж – 24.05.2024ж.
Басқарма 3 бөлімнен тұрады:
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспециясы бөлімі, лицензия және аттестаттау бөлімі, әкімшілік жұмыс бөлімдері.
Басқармада ведомстволық мекемелер жоқ.
Басқарманың штат саны 2023 жылы - 10, накты саны- 10 адам.
Басқарманың штат саны 2023 жылы - 10 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 6-бас маман. 2023 жылы өз еркімен жұмыстан босатылған 1 қызметкерлер болды.Таза ауысымдылық - 10% құрады. 2023 жылы тәртіптік жазаға 2 қызметкер (Бердигалиев М.Т., Муратов М.М. ) тартылды.2023 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 1 конкурс өткізілді (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы).
1 бас маман (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы) жаңадан тағайындалды.
2023 жылы Басқарманың штат саны 11 бас маман бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 7 - бас маман. Накты саны - 11 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 7 - бас маман.
Жыл басынан бастап жұмыстан босатылғандар жоқ.
Таза ауысымдылық -0% құрады. 2022 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 1 конкурс өткізілді (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы). 1 бас маман (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы) жаңадан тағайындалды.01.01.2023 - 01.04.2024 ж. аралығында тәртіптік жазаларға қызметкерлер тартылған жоқ
Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқармамен 2024 жылы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 169.
Лицензиялау және аккредиттеу бойынша 2024 жылда көрсетілген қызметтер саны - 75;
Аттестациялау бойынша көрсетілген қызметі - 93.
Жобаларды басқару (жобаларларды басқару жөніңдегі ұйымдарды аккедиттеу) бойынша барлық көрсетілген қызмет саны - 1
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады.
2023 жыл бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 38 лицензия берілді, 47 қайта тіркелді, 13 лицензияға қосымша берілді.
2024 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2 лицензия берілді, 22 қайта тіркелді, 7 лицензияға қосымша берілді.
2023 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 178 аттестат берілді, 9 қайта рәсімделді.
2024 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 25 аттестат берілді, 2 қайта рәсімделді.
2023 жылы Басқармамен 69 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 55 нұсқама берілді, 102 әкімшілік іс қозғалды.
2024 жылдың 3 айына Басқармамен 23 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 11 нұсқама берілді, 35 әкімшілік іс қозғалды.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 07.11.2023 жылғы №2794-23-00-4/664 Жеке Қаулысы негізінде Басқарманың бас мамандары М.Бердигалиевпен және М.Муратовпен Орал қаласы Шолохов көшесі, 9/2 мекенжайы бойынша тексеріс кезінде Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының сақталу талаптары толықтай қаралмағаны анықталған.
Жоғарыда аталған Жеке Қаулыны басшылыққа ала отырып, Басқарма тарапынан өз лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекция бөлімінің бас мамандары М.М.Муратовқа 2023 жылдың 12 желтоқсанында 94-жқ және М.Т.Бердигалиевке 2023 жылдың 12 желтоқсанында 95-жқ бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Ұқсас тәуекел Басқармамен «Damu Stroy QZ» ЖШС-не қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеріс кезінде орын алды.
Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасына сәйкес, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетуге міндетті.
Алайда, «Damu Stroy QZ» ЖШС-нің заңды өкілдерін Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сай тексеріс тағайындау туралы актімен таныстырмай Басқарма маманы Муканов Ф.М. тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т. Каюповтің 2023 жылғы 30 қарашадағы шешімімен Ф. Мукановтың тексеруді жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттерін заңсыз деп танылды.
Басқарма қызметкерлеріне алдағы уақытта Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы түсіндірілді.
«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді карау нәтижелері туралы» есеп мәліметтеріне сәйкес 2024 жылы Басқарма 45 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, онын 26 бұзушылық бойынша - 7 млн 574мың 138 теңгеге айыппұл салынған. Өңдірілгені - 5 млн 691 281мың теңге немесе 75%
Ұсыным: Жауапты қызметкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастыру.
Талдау мерзімі кезеңінде Басқарма мекенжайына жеке және заңды тұлғалардан 619 өтініштер келіп түсті. Өтініштер қарастыру барысында Басқармамен 69 жоспардан тыс тексеріс тағайындалды.
Яғни Басқарма мекенжайына келіп түскен жүгінімдердің 10% жоспардан тыс тексеріс тағайындауға негіз болды, ал қалған өтінімдер Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) және кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Басқарма тарапынан тексеріс тағайындау мәселесі бойынша бас тартылды.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.
Мысалы, Басқарма мекенжайына аз. Силичева Снеженна Павловнаның 2023 жылғы 5 қазандағы Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 158 үй, 37 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан пәтердің қайта жоспарлау бойынша жүгінімі қарастырылды.
Басқармамен аталмыш жүгінімді қарастыру барысында жүгінім иесіне өтінішті ӘКРК-нің және кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес келтіру (КК-нің 144-бабы 5-бөлігінң 3)-тармақшасы. Сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары жоспардан тыс тексеріс тағайындауға негіз болып табылады) туралы хабарландырылды.
Басқарманың жауабымен келіспеген аз. Силичева С.П. ӘРПК-нің 91-бабына сай жоғары тұрған әкімшілік орган мекенжайына шағыммен жүгінді.
Осыған ұқсас «Beta Services» ЖШС-нің директоры Б.Шкановтың 2023 жылғы 29 қарашадағы жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындау туралы жүгінімі қарастырылды.
Алайда өтінішке бұзушылықтарды растайтын және оны дәлелдейтін дәлелдемелер тіркелмеген.
Осыған орай аталмыш өтініш Басқарма тарапынан өтініш иесіне нақты растайтын дәлелдемелер мен сенімді негіздемелер болмауына байланысты өтініш иесіне қайтарылды.
Бұл өз кезегінде өтініш берушілердің кәсіпкерлік кодексінің тексеріс тағайындау жұмыстарының тәртібімен таныс болмауының дәлелі болып табылады.
Ұсыным: Басқарманың ресми парақшасы арқылы, бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы және де өзге де құралдар арқылы халық арасында Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс салығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2024 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
Басқарманың 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 80740,0 мың теңге қарастырылды.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Басқарманың 4.12.2023 жылғы №208-нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ. Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
2023 жылы Басқарма жалпы соммасы 6491,0 мың теңгеге 46 мемлекеттік сатып алу жүргізді. 2024 жылдың 1 тоқсанында Басқарма жалпы сомасы 2753,0 мың теңгеге 16 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:
1) Баға ұсыныстарын сұрау 1310,0 мың теңге сомасына 10 сатып алу;
2) «Рамалық келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі 1274,0 мың теңге сомасына 3 сатып алу;
3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 149,0 мың теңге сомаға 2 сатып алу.
4) бір көзден сатып алулар 20,0 мың теңге 1 сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау КР-ның Әкімшілдік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
2023 жылдың 2-ші жартыжылдығында Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 457 өтініш келіп түстi, бұл 2022 (319) жылдың ұксас кезеңімен салыстырганда 70%-ға көп. 2024 жылдың 1 тоқсанында Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 162 өтініш келіп түстi
Өтініштердің басым бөлігі сәулет-құрылыс құқықтық катынастары туралы мәселелерді кұрады.
Сондай-ақ, өтініштерді карастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне шағымдану фактілері болмады.
А.ж. 1-токсаны бойынша БАҚ-тагы және басылымдар мен жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Баскарманың қызметкерлеріне катысты жағымсыз материалдар анықталган жок.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау нәтижесі қаржы, мемлекеттік қызмет көрсету, әкімшілік өндіріс жүргізу және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілгенін көрсетті.
Көрсетілген тәуекелдер жауапты мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қажет екендігін көрсетіп отыр.
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасының
басшысының м.а А.Мурзабулатов
Жұмыс мүшелері:
Мемлекеттік сәулет құрылыс
инспекциясы бөлмінің басшысы М.Бердигалиев
Лицензиялау және аттестаттау
бөлімінің бас маманы С.Карменова
Әкімшілік жұмыс бөлімінің
басшысы С. Ражитова
Бас маман-кадр А. Хангереева