КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ

КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ

Облыста 1201 ұйым бар, оның ішінде ведомстволық бағынысты 865 ұйым, оның ішінде 523 – КММ, 342 – квазимемлекеттік сектор субъектілері (АҚ, ЖШС, МКК, МКҚК).

Жалпы санынан 846 ұйым әлеуметтік маңызы бар салаларда (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру) жүзеге асырады. Қалған 355 ұйым мұрағат, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, ішкі және жастар саясаты, ТҮКШ, дін және т. б. салаларда.

Қызметінің қорытындысы бойынша 32 ұйымнан соммасы 138,9 млн. теңге таза кіріс бөлігі облыстық бюджетке аударылды.

2024 жылы бойынша қолданыстағы мүліктік жалдау шарттарының саны 208. Есепті кезеңге жалдау ақысынан түскен түсімдер 177,6 млн. теңге.

2024 жылы бойынша 53 коммуналдық меншік объектісі жекешелендіріліп, облыстық бюджетке 35,9 млн.теңге түсті.

2024 жылы есепті кезеңінде ӨБТК шеңберінде коммуналдық меншікке 15 595,0 млн.теңге сомасында 15 объект (білім – 11, мәдениет – 1, денсаулық – 1, ТҮКШ және инфраструктура – 1, спорт - 1) қабылданды.