"Жасыл экономика" тұжырымдамасы шеңберінде 2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 50%-на дейін ұлғайту көзделген.

"Жасыл экономика" тұжырымдамасы шеңберінде 2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 50%-на дейін ұлғайту көзделген.

2017 жылы жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді. Биылғы жылы біздің облыста қуаты 20 МВт-қа дейінгі күн электр станциясының құрылысына аукцион өткізу жоспарлануда.

Бұл ретте әлеуетті инвестордан қаражатын инвестициялау және инновациялық технологияларды енгізу талап етіледі. Ал жергілікті атқарушы орган тарапынан инфрақұрылымы жүргізілген жер учаскесі беріліп, жобаны толық сүйемелдеу қарастырылады.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу 2023 жылғы 23 қарашаға жоспарланды.

Барлық сұрақтар бойынша БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына @batys_energy хабарласуға болады.