Су басу қаупі бар аймақтар бақылауға алынды

Су басу қаупі бар аймақтар бақылауға алынды

11 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов, «Қазидромет» және «Қазсушар» РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Ұшу барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттеліп, өзендер бойында орналасқан елдімекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см құрап отыр, елдімекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3).

Қарды шығару Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында жүргізілді. Тәулігіне - 8338 қар (барлығы - 319915 м3 қар). 

Сонымен бірге 535 жерде мұз бұрғыланды, 230 м2 мұз кесілді, 690 қапшық төселді, 2,8 км арықтар мен 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.