Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал гипермаркеттеріндегі бағаларды тексеріп, "Анвар", "Алтындар" және "Дина"сияқты ірі сауда нысандарын аралады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал гипермаркеттеріндегі бағаларды тексеріп, "Анвар", "Алтындар" және "Дина"сияқты ірі сауда нысандарын аралады

Басты мақсат сөрелердегі бағаларға талдау жасау және заңды тұлғалаларға тауарды жеткізудегі кедергілерді жою.
Сауда нысандарының басшыларының айтуынша өнімді жеткізуші жеке кәсіпкер тауарларды жергілікті көтерме базардан ҚҚС-сыз жеткізеді. Сондықтан супермаркеттер сатылатын тауарлардың бағасына осы 12% қосуға мәжбүр.
Сондай-ақ, импортталатын өнімдер үшін фитосанитариялық анықтама алудағы қымбатшылық атап өтілді. Бір тауардың әрбір партиясына жеке фитосанитариялық анықтама беріледі.
"Алтындар" супермаркетінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін карточкалық жүйені енгізу жоспарлануда, онда белгілі бір азық-түлік өнімдеріне жеңілдік қарастырылған. Бұл жүйе облыстық цифрландыру басқармасымен бірлесіп әзірленетін болады.
"Дина" гипермаркетінде сауда орталығына дейін қосымша маршрут енгізу қажеттілігі атап өтілді. Бүгінгі таңда гипермаркетке тек 39-шы бағыттағы автобус қатынайды.
Облыс әкімін толғандыратын тағы бір мәселе Ресейден Оралға келетін кейбір азық-түлік бағаларының құны шалғайда жатқан Ақтау қаласындағы гипермаркеттерге жеткізілетін тауар құнынан жоғары болуы. Осыған байланысты гипермаркеттермен және ірі көтерме сауда жеткізушілерімен жақын елдерден тасымалданатын тауарлардың құнын негізсіз көтермеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Барған нысандардағы жағдайды одан әрі талдау және тексеру үшін жеткізушілер, өнімдердің шығу тегі, азық-түлік емес тауарлар, сондай-ақ, кір жуғыш ұнтақтар, жеке гигиена заттары сияқты өнімдер туралы ақпарат жиналады.
Супермаркет басшыларымен әңгіме барысында облыс әкімі отандық өнімдер сауда орындарының көрнекті жерлерінде тұруы тиіс екенін ерекше атап өтті.