ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

     Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде "БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-де (бұдан әрі - ІМАД) "БҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ-ң басқарма басшысы Б.Ниетқалиева БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  төраға м.а. А.Давлетова, сондай-ақ ІМАД басшысы Р. Төрегелдиев бірлесе отырыс өтті, онда Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты, "Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік аудит департаменті" РММ, "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ арасында ӘРПК шеңберінде келіп түсетін талап арыздарды қарау бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

       Осы Меморандумның мақсаты сотта дауларды сотқа дейін, соттан тыс реттеу институтын жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.