Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Кадралиев Дархан Қаныбекұлы тағайындалды.      Кадралиев Дархан Қаныбекұлы - 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.   Әр жылдары:   – студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан облыстық штабының координаторы, жетекшісі; – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы; – «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының директоры; –  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық саяси бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі; – «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.      2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.