Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырады.
Басқарманың негізгі функциясы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау болып табылады.
Басқармамен 2025 жылы 8 айда жалпы соммасы 91,1 млрд. теңгеге 635 мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылды.
Мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша 110 шағым түсті, оның ішінде 86-і қанағаттандырудан бас тартты, бұл 78%-ды құрайды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндіру жұмысы жалғасын тапты. Осыған орай, Басқарма қызметкерлері Теректі, Ақжайық, Қаратөбе аудандарында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін көшпелі семинарлар өткізді.
Коммуналдық меншікті басқару саласы
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл басынан 402 мүліктік жалдау (жалдау) шарттары жасалып, жалдау ақысынан түсетін түсімдер
215,3 млн. теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде 266 мүліктік жалдау (жалдау) шартынан 177,6 млн.тенге түсім түсті).
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 жайлы мектеп облыстық коммуналдық меншікке қабылданды:
- Орал қаласы Деркөл кентінде 1500 оқушыға арналған №51 мектеп;
- Орал қаласының «Балауса» шағын ауданында 1500 оқушыға арналған №52 мектеп;
- Теректі ауданы Подстепное ауылында 1200 оқушыға арналған мектеп;
- Бәйтерек ауданы Трекино ауылында 600 оқушыға арналған мектеп;
- Бөрлі ауданы Пугачев ауылында 300 оқушыға арналған мектеп.
- Орал қаласы, Жәңгір хан көшесіндегі 600 орындық №65 мектеп құрылысы»
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында
46 медициналық нысан (10 дәрігерлік амбулатория, 19 фельдшерлік-акушерлік пункт, 17 медициналық пункт) облыстық коммуналдық меншікке қабылданды.
КПО б.в. компаниясынан ӨБТК шеңберінде коммуналдық меншікке 4 296,9 млн. теңге сомасында 5 нысан (Бөрлі ауданы Жарсуат ауылындағы 108 оқушыға арналған мектеп (938,9 млн. тг.) және Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені (1143,0 млн. тг, . Орал қаласы білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ күрделі жөндеу» 904,2 млн тг), Орал қаласындағы қалалық саябақтың оң жағалауын абаттандыру (307,4 млн тг,) Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар мәдениет үйі» МКҚК ғимаратын күрделі жөндеу (1003,3 млн тг.)) қабылданды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен «EVA corp.» ЖШС-дан сыйға тарту шарттары бойынша өтеусіз «Жайық Арена» көпфункционалды спорт кешені (құны 19 914,4 млн тенге) мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешені (құны 820,0 млн тенге) облыстық коммуналдық меншікке қабылданды.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің қорытындысы бойынша
2025 жылы облыстық бюджетке 194,1 млн.теңге мөлшерінде таза кірістің бір бөлігі аударылды (2024 жылдың кезеңіндегі түсімдер 138,9 млн. теңгені құрады). Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда түсімдер 39,7% - ға өсіп отыр.