"Ашық есік - күні.

"Ашық есік - күні.

4 желтоқсан 2025 жылы «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесінде  ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік саласындағы басқарма қызметімен таныстыру, сондай-ақ студенттердің кәсіби бағдарын кеңейту болды.

Шараға  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің  «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламасының  3 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында басқарма басшысы  Ғұбашев Әділжан Исатаевич, әкімшілік бөлім басшысы Асқар Айдос Саттарұлы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы  Кудайбергенов Асхат Жоламанұлы, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы  Джумагазиев Ромен Алибекұлы, коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Сагинтаев Сакен Сержанұлы, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы  Сериков Тимур Муратұлы  басқарманың құрылымы, негізгі бағыттары және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Студенттер мемлекеттік сатып алудың ашықтығы, рәсімдердің ерекшеліктері, коммуналдық мүлікті басқару тәртібі және аталған салалардағы кәсіби мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойып, мамандардан толыққанды жауаптар алды.

Іс-шара студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, мемлекеттік қызмет жүйесі туралы түсінігін арттыруға бағытталды.