Мемлекеттік қызметші күніне орай Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасының қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарыт Тлепберген Еерсаевич Қаюповтың атынан марапатталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің бас маманы Досова Ақмарал Әділғалиевна мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Сильваев Ерген Аманбаевич қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапат мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы еңбегіне берілген әділ баға болып табылады.