Орал қаласында «Халық қатысатын бюджет» арқылы жобалық ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарға дейін ұзартылды.

Орал қаласында «Халық қатысатын бюджет» арқылы жобалық ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарға дейін ұзартылды.
Жобалық ұсыныстар Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы (сайтқа өту https://www.gov.kz/.../uralsk/press/news/details/660031...) қабылданады.
Ұсыныстарды қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуар жайластыру;
- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
- жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және басқа объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- жиектерді, кеспетастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересек тұрғындардың демалысы үшін алаңдар, орындықтар, урналар, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
- санитарияны қамтамасыз ету;
- спорт және мәдениет объектілерін жөндеу.
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
- бір өтінім-бір объект;
- ортақ пайдалану объектісі;
- қала тұрғындары үшін өзектілігі;
- бір бюджеттік жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі;
- жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс.