«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау ұйымдастырылды

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау ұйымдастырылды

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылғы 22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өзге этнос жастары арасында  «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау ұйымдастырылды .

Байқау мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын  кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге этнос жастарын ынталандыру және қолдау көрсету.

Қатысушылар 4 кезең бойынша өз білімдерін сынады: таныстыру, мақал-мәтелді анықтау, жаңылтпашты жаңылмай айту және берілген тақырып бойынша ой толғау.

Байқау қорытындысы келесідей:

І дәрежелі диплом – Жоғары инжелерлік-технологиялық колледжінің студенті Кулиев Максим Андреевич (Жетекшісі: А.К.Азгалиева);

ІІ дәрежелі диплом – Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенті Гачаев Имир Ренат Оглы (Жетекшісі: Т.Б.Байменова);

ІІ дәрежелі диплом – Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Шувалова Муслима Алексеевна (Жетекшісі: А.Н.Меренова);

ІІІ дәрежелі диплом – Бөрлі колледжінің студенті Кузыченко Денис Сергеевич (Жетекшісі: Н.Ж.Капанова);

ІІІ дәрежелі диплом – Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Дорофеев Иван Сергеевич (Жетекшісі: Ж.Т.Бекмашева);

ІІІ дәрежелі диплом – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Третьякова Жанэль Николаевна (Жетекшісі: А.Б.Халелова).

Қатысушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі, шешендік қабілеті мен логикалық ойлау деңгейі байқау барысында ерекше байқалды.

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде бағалы сыйлықтармен марапатталды.