Мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2025» облыстық байқауы

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2025» облыстық байқауы

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2025» облыстық байқауы

 Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні «Тіл шебері-2025» мемлекеттік қызметшілер арасында үш тілде білім беру идеясын насихаттау, үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында облыстық байқауы өтті.

Конкурсқа аудандардан, қаладан жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Байқауға қатысушылар келесі кезеңдерден сайысқа түсті:

1) Бірінші кезең. «Сөзтаным» (қазақ тілі)– қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, мәтіннің ішінде 5 көнерген сөзді тауып, мағынасын қазақ тілінде айтуы керек;

2) Екінші кезең. «Елтаным» (орыс тілі)– қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, қазақ жері және оның аймақтары, ұлттық құндылықтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беруі керек;

3) Үшінші кезең. «Ойтаным» (ағылшын тілі) – экраннан ұлы тұлғалар, ұлттық аспаптар, ұлттық ойындар деген бөліктерге бөлінген ұяшықтарды таңдай отырып берілген сұрақтарға ағылшын тілінде толық әрі нақты жауап беру.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынға Орал қаласының Зачаган кенті әкімдігінің абаттандыру бөлімінің бас маманы Мұханбетқалиев Дәулетжан, 2-орынға БҚО Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Карабалина Элеонора, 3-орынға Шыңғырлау әкімі аппаратының бас маманы ШотпановДосхан ие болды.

Жүлдегерлер мен қатысушылар диплом, алғыс xат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.