«ДОСТЫҒЫ ШАЛҚЫҒАН ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ДОСТЫҒЫ ШАЛҚЫҒАН ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ДОСТЫҒЫ ШАЛҚЫҒАН ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

2024 жылдың 20 қыркүйек күні өзге этнос өкілдері арасында «Достығы шалқыған шаңырақ» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос  өкілдерін ынталандыру.

 Байқау келесі кезеңдерден тұрды:

1) Таныстыру бөлімі. Аталған бөлімде қатысушы өзін ауызша (қара сөз не өлең түрінде) таныстырып, тіл білу шеберлігін көрсетеді, презентациясын қорғайды.

2) «Елтаным» – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, ашылған тақырыпта (Қазақстан тарихы және оның көрнекті тұлғалары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлері, маңызды даталар және т.б.) мемлекеттік тілде ой толғайды.

3) «Салт-дәстүр – сан ғасырлық мұра» – қатысушылар өз этносының салт-дәстүрін көрсете отырып, оны қазақ тілінде сипаттап беру.

         4) «Шабыт жұлдызы» – шығармашылық (үй) тапсырмасы: мемлекеттік тілінде өнер көрсету (ән, өлең орындау, пьеса, қойылым көрсету).

         Байқау нәтижесі бойынша:

         1 орынды Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледж студенті Жакупов Илхам (ұлты өзбек),

         2 орынды Қанай ауылдық мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің аға тәлімгері Жакиева Рамиля (        ұлты башқұрт),

         3 орынды М.Өтемісұлы атындағы БҚУ студенті Шерстянкина Татьяна иеленді (ұлты-орыс).