
«Ана тілім - айбыным» әскери қызметкерлер арасындағы облыстық байқауы
2024 жылдың 11 қазан күні әскери және құқық қорғау қызметкерлерінің арасында «Ана тілім - айбыным» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - әскери және құқық қорғау қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, күнделікті өмірде, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге ынтасын, құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын арттыру.
Байқау үй тапсырмаларынан және төрт кезеңнен тұрды:
1-кезең. «Ана тілім – айбыным!» - қатысушы топ өздерінің презентациясын ауызша қара сөз немесе өлең түрінде таныстырды.
2-кезең. «Мамандығым – мақтанышым» - командалар мамандықтың аса қажет мамандықтардың бірі ретінде әрі әскери және құқық қорғау қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға арналған бейнетүсірілім арқылы көрсетті.
3-кезең. «Елтаным» - ұяшықтар таңдау арқылы белгіленген уақытта сұрақтарға жауап беру. Қазақстанның тарихи кезеңдеріне қатысты сұрақтар қойылды.
4-кезең. «Өнерліге – өріс кең» сайысы - шығармашылық бөлім. Қазақ халқының ғұламалары, батырлары және ақын-жазушыларының шығармашылығынан сахналық қойылым көрсету немесе белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп өлең, прозалық шығармалардан үзінді оқыды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды БҚО Полиция департаментінің «07 аймақ» командасы, 2-орынды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің «Жалын» командасы, 3-орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің БҚО департаментінің «Қалқан» командасы иеленді.