
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ой-сана» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту, жастардың ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін нығайту, тілдерді меңгеру деңгейін анықтау және талантты жастарды қолдау.
Байқау барысында жастардың тілді терең меңгеруі, лексика-грамматикалық тапсырмалар, сөйлеу және жазу дағдылары арқылы анықталып, жүзден жүйрік озды.
Байқау қорытындысы келесідей:
І дәрежелі диплом – Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Утегалиев Нұрали Арыстанұлы (Жетекшісі: В.Н.Сертекова);
ІІ дәрежелі диплом – Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Нетқали Гаухар Баязитқызы (Жетекшісі: Б.Е.Джумабекова);
ІІ дәрежелі диплом – Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Аманбай Фариза Мұратбекқызы (Жетекшісі: М.С.Нурмукашова);
ІІІ дәрежелі диплом – Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Абдрахман Майя Ерболқызы (Жетекшісі: Д.У.Орынбасарова);
ІІІ дәрежелі диплом – Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті Құспанғали Жәдігер Рулланұлы (Жетекшісі: Э.Ж.Салекеева);
ІІІ дәрежелі диплом – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Серік Ерхан (Жетекшісі: О.В.Егорова).
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде бағалы сыйлықтармен марапатталды.