Наурыз мейрамының «Наурызнама» тұжырымдамасы аясындағы Ұлттық киім күні – қазақ халқының дәстүрлі киімдерін сақтауға және насихаттауға арналған ерекше күн. Бұл күн ұлттық мәдениеттің маңыздылығын, әсіресе халықтың жанаруын, жандануын және бірлігін бейнелейтін Наурыз мейрамы төңірегінде атап өтілуде.
2025 жылдың 18 наурыз күні «Дом быта» сауда орталығында «Дәстүр тағылымы» сән көрсетілімі облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шара қазақтың ұлттық киімін ілгерілетудегі мәдени бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайтумен қатар, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеуде, өскелең ұрпақ үшін ұлттық мақтанышты арттырудың маңызды қадамы болды.