Кино және театр актрисасы Меруерт Өтекешоваға Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы табысталды.
Ақжайық өңірінің тумасы, кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Өтекешова Меруерт Қаратайқызы «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Мәртебелі марапат бүгінгі өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясында табысталды.
Батыс жұртшылығы атынан Меруерт Қаратайқызын шын жүректен құттықтаймыз!