Көрнекі ақпарат саласындағы тіл заңнамасының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді

Көрнекі ақпарат саласындағы тіл заңнамасының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мониторингтік тобымен Орал қаласында орналасқан сауда орындарындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының талаптарының сақталуы бойынша рейд жұмыстары жалғасуда.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары «Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабының, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы 24-бабының талаптарын сақталуын қадағалау, кәсіпкерлік субъектілері және өзге де ұйымдардың қызметіндегі деректемелер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсету, тілдік ахуалды зерделеу мақсатында жүргізілді.

Рейд барысында сауда орындарындарының әкімшілеріне көрнекі ақпараттарды, соның ішінде хабарландыруларды, жарнамаларды, прейскуранттарды, баға көрсеткiштердi, ас мәзірлерін, нұсқағыштарды заң талаптарына сәйкес орналастыру жайында әдістемелік көмек көрсетіліп, «Кәсіпкерлер назарына!» және «К сведению предпринимателя!» атты жаднамалар таратылды.