ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА!

ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА, ПРЕМЬЕРА!

Күй алыбы Құрманғазының төл шəкірті, ес білгеннен домбыраны жанына серік еткен Дина анамыз жайындағы деректі драма көрермен қошеметіне бөленді.
Премьераны қойылым авторы аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Маржан Ершу /Астана қаласы/, Өңіріміздің зиялы қауым және БАҚ өкілдері, Дина анамыздың ұрпақтары, Атырау қаласынан Жастар театрының директоры Әміржан Нұрланұлы бастаған бір топ өнер жанашырлары,«Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» президенті, өнертану кандидаты, театртанушы Анар Еркебай, /Алматы қаласы/ арнайы келіп тамашалады.
Қойылым соңында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы атынан ықылас гүлі табыс етілді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы және қойылым авторы Маржан Ершу театр ұжымын жаңа қойылымның сәтті өтуімен құттықтап, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді.+