2023 жылғы 7 наурызда «Атамекен» өнер ордасында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Гүл көктем» атты мерекелік шара өтті.
Концерт халықтық «Ақжайық» және «Жайық гүлдері» би ансамблдерінің хореографиялық қойылымымен ашылды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
Концертте Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері, «Қарақат мектеп-студиясының», «ККК» өнер орталығының оқушылары, «Назерке», «Тұмарым» және «Салтанат» би ансамльдері, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мадина Садуақасова өнер көрсетті.