Дастан Есентеміровпен кездесу өтті

Дастан Есентеміровпен кездесу өтті

2022 жылғы 30 қарашада Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобасы аясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, кәсіпкерлік және инновациялық-индустриялық даму басқармаларының  мемлекеттік қызметшілері «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, филармонияның дәстүрлі әншісі Дастан Есентеміровпен кездесті. «Ғасырлар сазы» жобасының форматында  өткен кездесу кешін дәстүрлі әнші, жыршы, термеші Фархат Оразов жүргізді. Кездесуде дәстүрлі өнер жайында әңгімелер айтылып, мейманға сұрақтар қойылып, көңіл толқынын тербеген әндерін тыңдап тарқасты.