Суретші Ерсайын Жапақпен кездесу кеші!

Суретші Ерсайын Жапақпен кездесу кеші!

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінде суретші, театр қайраткері, журналист, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаровтың туғанына 85 жылдық аясында С.Ғұмаровтың шәкірті, суретші, сазгер, ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлымен «Сәкен өнері – барлық ұлттарға ортақ рухты өнер» атты кездесу кеші өткізілді.

Шараға өлкетанушы, музей ардагері Сара Есқайырқызы, С.Ғұмаровтың шәкірті, суретші, сазгер, ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлы, С.Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебінің директоры Шаймардан Рамазанұлы, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Қуандық Мәдір, Қанат Оразов және Ж.Досмұхамедов атындағы кафедра меңгерушісі Хамзин Нұрлан Амангелдіұлы студенттерімен қатысты.

Кездесуде ҚР Мәдениет қайраткері, музей ардагері Сара Есқайырқызы суретшінің музей-үйінің құрылуы, қалыптасуы туралы айтып өтті. С.Ғұмаровтың шәкірті, суретші, сазгер, ақын Ерсайын Қайырлыұлы суретшінің шығармашылығы туралы, ұстазына арнаған әндерін домбырамен шертіп, кітап болып шыққан өлеңдерін мәнерлеп оқып берді, С.Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебінің директоры Шаймардан Рамазанұлы суретшінің мектебінің ашылуы, жұмыс барысы жөнінде әңгімелеп, суретші Ерсайын Қайырлыұлына Орал қаласына әкелген көрмесі үшін ризашылығын білдірді. Суретші Қуандық Мәдір Сәкен Ғұмаровпен кездесуін айтып берді.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері ақын Айтқали Нәріковтың «Сәкен Ғұмаровтың мұражайында» және Ерсайын Жапақтың «Сағындым ауылды» атты өлеңін оқыды.

Шара соңында С.Ғұмаров музей-үйінің меңгерушісі Жанболат Мухангалиев Ерсайын Жапаққа алғысын білдіріп, «Сәкен ой орамдары» кітабын естелікке сыйға тартты.