«Қамажай» І республикалық хореографтар байқауы Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, БАҚ қолдауымен өткен шара өткен сенбі күні «Атамекен» өнер ордасында өтті.
Байқаудың басты мақсаты: қазақстандық хореографтардың «Жаңа есімдерін» таныту; хореографиялық өнерді дамыту; би өнерінің көшбасшыларын анықтау; жас хореографтарды қолдау.
Байқауға қатысқан хореографтардың арнайы білімі мен жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады.
Қазылар алқасының құрамында:
Ізім Тойған Оспанқызы - Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, профессор /қазылар алқасының төрайымы/;
Гаценко Людмила Ивановна - Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Алтын дән» халық ансамблінің көркемдік жетекшісі;
Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің кавалері, «НАЗ» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі;
Күлбекова Айгүл Кеңесқызы - ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызы - ҚР мәдениет саласының үздігі, өнертану кандидаты, «Ы.Алтынсарин», «Мәдениет майталманы» төсбелгілерінің иегері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының меңгерушісі;
Байқау шарты бойынша бағдарламада әр ансамбль 1. «Қазақ ұлттық фольклорлық биі», 2. «Әртүрлі стильдегі қазақ биі» биледі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша хореографтар байқауына төмендегідей ансамбльдер қатысты:
1. Халықтық «Ақжайық» би ансамблі /жет.Ә.Давлетова/
2. Бөрлі аудандық мәдениет орталығының үлгілі «Назерке» би ансамблі /жет.А.Мұқанғалиева/
3. №34 жалпы орта білім беретін мектебінің «Шұғыла» би ансамблі /жет.Г.Сүндетова/
4. Қалалық жастар мәдениет үйінің «Салтанат» би ансамблі /жет.М.Танатова/
5. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының «Назерке» халық би ансамблі /жет.А.Тасболатова/
6. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Арна» би ансамблі /жет.Ә.Кенжетаева/
7. Теректі аудандық мәдениет орталығының үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі /жет.Ж.Тайшыбаева/
8. Сырым аудандық мәдениет орталығының үлгілі «Жауқазын» би ансамблі /жет.Б.Жұмағалиева/
9. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Арна» би ансамблі /жет.М.Айтмағамбетова/
10. Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Аққу» би ансамблі /жет.Г.Мәмбетова/
ГАЛА-КОНЦЕРТ және МАРАПАТТАУ рәсімі 9-10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.