СҮЙІНШІ АҒАЙЫН!

СҮЙІНШІ АҒАЙЫН!

ОРАЗАЛЫ ДОСБОСЫНОВТЫҢ 3 томдық шығармалар (айтыс, өлең, естелік, дипломдық жұмыстар, мақалалар) жинағы жарық көрді!

Халықтың сүйіктісі, ұлтының мақтанышы, айтыстың жарық жұлдызы, өнердің сан түрі бойына жиналған, ортасының көзайымы болған Оразалы Досбосынов ағамыздың болмысын барынша ашуға тырысқан 3 томдық кітабы жарық көрді!

Ел іздеп, сусап тыңдайтын, тамашалайтын Оразалы марқұмның кітабын талай адам шығарғысы келді. Үзік-үзік боп шығып та жатты. Дегенмен, басынан аяғына дейін толық қамтитын кітап енді шығып отыр!

Шыны керек, бұл кітаптың шығуы да оңай болмады. Талай арналар мен радиолардан, Оразалы ағамыздың үзеңгілес, замандас адамдарынан айтыстарын сұратып, бірге жүргендегі үлгі болар, жарқ еткен сәттерін естелік етіп түсіріп беруін өтініп материал еттік. Қала берді қырғыз бауырларымызда қалған айтыстарын алдырттық. Туыс ағайындарының шеттегі ауылына барып бүкіл Оразалы ағамызға қатысты дүниенің бәрін жиып тердік. Міне, сондай құнды ақпарды алдарыңызға тарту етіп отырған жайымыз бар!

Кітаптың шығуына қолдаушы болған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті және “Ұлағат” баспасы! Кітап ішін алдағы посттарда баяндаймыз!

Алдағы уақытта тұсаукесерін жасаймыз!

Кітап жайлы сұрақтарыңыз болса +7 778 639 78 31 нөміріне хабарласыңыздар!