Мәдениет саласындағы Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің назарына!

Мәдениет саласындағы Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің назарына!

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп ұсыну міндеттілігі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 наурызда аяқталады.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады.