Абай оқулары облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Абай оқулары облыстық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

Абай оқулары облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

1.1.Осы Ереже «Абай оқулары» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттау, шығармашылығын заманауи форматта дәріптеу, шығармашылық бастамаларды қолдау және қашықтықтан қатысу мүмкіндігін кеңейту.

1.3. Байқаудың міндеттері

  • Абай шығармаларын кеңінен насихаттау;
  • шығармашылық және креативті жұмыстарды қолдау;
  • заманауи цифрлық форматтар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

1.4. Байқау мемлекеттік тілде және қашықтық форматта өткізіледі.

1.5. Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа 18- 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

  1. Байқауды ұйымдастыру

2.1. Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

2.2. Байқау Орал қаласында 2026 жылдың тамыз айында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

 3.1. Байқауға қатысушылар «Абай әлемі» атты қысқа бейнеролик ұсынуы тиіс:

         І. Абайдың қарасөзін немесе шығармаларынан үзіндіні жасанды интеллектті пайдалана отырып көркем бейнеролик ұсыну;

3.2. Байқауға қатысу үшін бейнероликтер ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап 25 шілдеге дейін Instagram әлеуметтік желісінде жариялануы тиіс.

3.3. Байқауға қатысушыларInstagram әлеуметтік желісінде бейнеролик орналастырылған сілтемені sa.kaderova@bko.gov.kzэлектронды поштасына жолдау  қажет.

Электронды поштаға жіберілгенде келесі мәліметтер көрсетілуі қажет:     

- қатысушының аты-жөні;

- қала немесе аудан;

- оқу немесе жұмыс орны;

- жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны (болған жағдайда).

3.4. Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған профиль міндетті түрде ашық болуы тиіс.

  1. Бейнероликке қойылатын талаптар 

4.1.Бейнероликке мынандай талаптар қойылады:

1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін;

2) контент қазақ тілінде болуы тиіс;

3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;

4) сапалы дыбыспен, анық бейнемен және авторлық мазмұнда ұсынылуықажет.

4.2. Монтаж жасауға, музыкалық сүйемелдеуге, визуалды эффектілер қолдануға рұқсат етіледі.

4.3. Байқауға ұсынылған материалдар әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында жариялануы мүмкін. 

  1. Қорытынды ережелер

 5.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

5.2. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

- жарияланған бейнероликтің сапасы;

- уақытқа қойылған талаптың сақталуы;

         5.3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

         5.4. Барлық қатысушылар электронды Алғысхаттармен марапатталады.

                                                                

         090000, Орал қаласы, Хамит Чурин көшесі 116, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

         Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-74-66.