Мемлекеттік тілде іс жүргізу: БҚО мамандары кәсіби біліктілігін арттырды

Мемлекеттік тілде іс жүргізу: БҚО мамандары кәсіби біліктілігін арттырды

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9-12 маусым күндері «Мемлекеттік тіл – ресми іс жүргізудің негізі» атты 4күндік (32 сағат) тегін оқыту курсы өткізілді.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің нормативтік талаптары бойынша білімді жүйелеу, кеңсе құжаттарын сауатты әзірлеу дағдыларын дамыту, ресми жазудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру, сондай-ақ кеңсе қызметкерлерінің күнделікті іскерлік қарым-қатынаста қазақ тілін кәсіби деңгейде қолдану құзыреттілігін арттыру.

Іс-шараға облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларына бағынысты мекемелердің іс жүргізуші мамандары қатысты. Барлығы 40 адам шеберлік сағатына қатысып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Осы оқыту курсы саласында терең білімі мен бай тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтсақ Айгүл Ниетова (М. Өтемісов атындағы ЗҚУ аға оқытушысы, магистр) - ресми стиль, емле қағидалары және аударма мәселесі бойынша шеберлік сағатын өткізген болса, Самал Қабдолла (БҚО мемлекеттік архивінің жетекші сарапшысы) құжаттама жасау, дайындау, ресімдеу тәртібі және істер номенклатурасын жасақтаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.