«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ»  ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2026 жылдың 28 мамыр күні Орал қаласында өткен «Қазақ тілі цифрлық дәуірде: жасанды интеллект және тіл саясатының жаңа мүмкіндіктері» республикалық семинардың аясында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Жеңімпаздарды академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президентіШерубай Құрманбайұлы құттықтап, дипломдар табыстады.

Байқаумемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға облыс аумағындағы білім беру ұйымдарында еңбек ететін өзге этнос өкілдері болып табылатын 19 мұғалімнің өтінімдері қабылданып, жасанды интеллект құралдарын колдана отырып әзірленген аудиовизуалды өнімдері менмемлекеттік тілдің колдану аясын кеңейтуге бағытталған жобалар сарапталды.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

I орын

Аксёнова Альфия Ринатовна – Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің Жәңгір хан атындағы ЖОББМ бастауыш пәні мұғалімі.

II орын

Айтасова Любовь Аркадьевна – Орал қаласы білім беру бөлімінің №22 «Жұмбақтас» бөбекжайының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Рсалиева Алла Николаевна – Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Еркемай» бөбекжайының бейнелеу өнерінің оқытушысы.

III орын

Бакаушина Виктория Михайловна – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Студенттерге көмек көрсету орталығының әдіскері.

Гафарова Наргиза Камильқызы – Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Бөбек» балабақшасының саз жетекшісі.

Ташматова Чинара Апсаматовна – Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «Жазира» бөбекжайының қазақ тілі маманы.

Жүлделі орынға ие болған Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің Жәңгір хан атындағы мектептің бастауыш пәні мұғалімі Аксёнова Альфия Ринатовна байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Барлық жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының дипломдарымен, алғысхаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.