«ТУҒАН ӨЛКЕ – ТҰНҒАН ТАРИХ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ТУҒАН ӨЛКЕ – ТҰНҒАН ТАРИХ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысында тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытында жастар арасында ерекше мазмұнды іс-шара өтті. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Туған өлке – тұнған тарих» атты ғылыми-зерттеу жобалары байқауы қорытындыланды. 

Бұл байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятып, оның тарихы мен мәдениетін терең тануға баулу. Сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу көзделді.

            Байқауға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 20 ғылыми жұмыс қабылданды.

Тарих және филология ғылымдарының кандидаттары мен магистранттар, доценттерден құралған білікті қазылар алқасы қатысушылардың ғылыми жобаларын сараптап, нәтижесінде жеңімпаздарды анықтады. 

            ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:

 I орын

– Ислямқызы Гаухар, (Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1-курс студенті);

II орын

– Аскеров Досжан Төлеуғалиұлы, (Орал ақпараттық-технологиялар колледжі 1-курс студенті); 

– Болатұлы Расул, (Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің 2-курс студенті); 

III орын

– Амангелді Жанна, Рашит Радмила (Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері);

– Қайыргелді Әділхан Асланұлы, (Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 1-курс студенті);

– Дайнова Айнат Айдарханқызы, (Құрманғазы атындағы саз колледжінің 3-курс студенті).