«Тіл шебері-2026» облыстық байқауы

«Тіл шебері-2026» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында арасында үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мамандарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында «Тіл шебері-2026» облыстық байқауы өтті.

Байқауға аудан және қала мектептерінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Байқауға қатысушылар келесі кезеңдерден сайысқа түсті:

1) Бірінші кезең. «Сөзтаным» (қазақ тілі) – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, мәтіннің ішінде 5 көнерген сөзді тауып, мағынасын қазақ тілінде айту.

2) Екінші кезең. «Елтаным» (орыс тілі) – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, қазақ жері және оның аймақтары, ұлттық құндылықтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру.

3) Үшінші кезең. Үй тапсырмасы «Шығармашылық сабақ» (ағылшын тілі) – қатысушы қысқа мини-сабақ өткізеді немесе тақырыпты креативті түрде түсіндіру.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынға Казталов ауданы, Көктерек  жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Д.Е.Дуйсақова, 2-орынға Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейінің мұғалімі Г.Н.Омарова және Теректі ауданы, Подстепный №2 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Ж.С.Блялова, 3-орынға Орал қаласы, №41 мектеп лицейінің мұғалімі Ж.Ж.Досполаева, Орал қаласы, №48 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі А.Б.Жақсығали және Ақжайық ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебнің мұғалімі З.Т.Абсалямоваие болды.

Жүлдегерлер мен қатысушылар диплом, алғыс xат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.