Абайдың 175 жылдығына орай конференция өткізілді

Абайдың 175 жылдығына орай конференция өткізілді

Ағымдағы жылдың 3 қарашада қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ақын шығармашылығын ғылыми деңгейде талдануына қолдау, жас ұрпаққа ұлтымыздың рухани құндылықтарына деген қызығушылығын арттыру мақсатта ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Хәкім Абайдың әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.

Конференцияға қатысушылар: М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Рухани жаңғыру» институтының директоры, п.ғ.д., профессор, академик Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы, филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері теориясының кафедрасының аға оқытушысы Серікбай Қосан, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын зерттеуін ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Опабекова Динара Кәрібайқызы, М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік музей қорығының (РФ Ставрополь аймағы Пятигорск қ.) бас қор сақтаушысы Данилов Антон Валерьевич.

Модератор: Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары А.Б. Берікқалиева.