Ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен өткен «Барып қайт, балам ауылға» кездесу

Ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен өткен «Барып қайт, балам ауылға» кездесу

Ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен өткен «Барып қайт, балам ауылға» кездесу

2025 жылдың 9 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалыбірлесіп ұйымдастыруымен ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен «Барып қайт, балам ауылға» атты тағылымдық кездесу шарасы өтті.
Ақын Айсұлу Қадырбаева биыл 75 жасқа толғалы отыр. Ол - тек ақын ғана емес, сонау кеңестік кезеңнің жариялылық кезеңінен бері өзінің азаматтық тұлғасымен танылған қайраткер, көрнекті тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық мүдде мен тәрбиенің, ұлттық рухтың көрінісіндей адамгершілік ар-иманды бір-бірімен тығыз байланысын терең түсіндіреді. Ақынның шығармашылық мұрасы өзінің терең философиялық ойларымен және көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді.
Кездесудің басты мақсаты – ақын Айсұлу Қадырбаеваның қайраткерлік, ақындық тұлғасын, оның шығармаларының тәрбиелік және танымдық мәнін жас ұрпаққа тереңірек насихаттау, таныстыру. Кездесуге бастама болған филология факультеті бұған дейін 2019 жылы ақынның шығармашылық мұрасын ғылыми жоба аясында зерттеп, ф.ғ.к., доцент З.Мүтиев монографиясында кеңінен зерттеген болатын.
Кездесу барысында студенттер ақынның өлеңдерін оқып, «Барып қайт, балам ауылға» өлеңіне жазылған әнді шырқады. Ақын өзінің ғұмырнамасынан, саяси күрескерлік жолынан естелік әңгімелер айтты. Студент жастармен терең маңыналы сыр-сұхбат өтіп, ақын жастарға өзінің аналық ақ батасын берді.
Кездесу барысында университет ректоры, профессор Н.Х. Серғалиевтың атынан алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етілсе,Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының атынан ақынның иығына шапан жабылды.