
«Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» әдістемелік семинары өтті
2025 жылдың 16 қазан күні Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Орал қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті және Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы БҚО филиалының бірлесіп «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» әдістемелік семинарын өткізді.
Семинардың басты мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алмасуын, заманауи әдістемелерді талдап, нақты нәтижеге бағытталған практикалық тәсілдерді көрсету.
Семинрада дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы 11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-шебер Байжиенова Ақерке Орынқызы «Көркем шығарманы талдау арқылы оқушылардың әдеби сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында сөз сөйлесе, «ABYROI SCHOOL» 3-филиалының директоры, педагог-зерттеуші Дүйсмаганбетова Алима Мұратқызы “Тілдік мінез-құлыққа негізделген оқыту: қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жаңа көзқарас” тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті