«Ана тілім - айбыным» әскери қызметкерлер арасындағы облыстық байқауы

«Ана тілім - айбыным» әскери қызметкерлер арасындағы облыстық байқауы

«Ана тілім - айбыным» әскери қызметкерлер арасындағы облыстық байқауы

2025 жылдың 20 қазан күні әскери және құқық қорғау қызметкерлерінің арасында «Ана тілім - айбыным» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - әскери және құқық қорғау қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, күнделікті өмірде, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге ынтасын, құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын арттыру.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
1-кезең. «Ана тілім – айбыным!» - таныстыру. Қатысушы өзін ауызша қара сөз немесе өлең түрінде таныстыру.
​2-кезең. «Елтаным» сұрақ-жауап бөлімі. Ұяшықтар таңдау арқылы белгіленген уақытта сұрақтарға жауап беру.
3-кезең. «Өнерліге – өріс кең» сайысы - шығармашылық бөлім. Қазақ халқының ақын-жазушыларының шығармашылығынан сахналық қойылым көрсету, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп өлең, прозалық шығармалардан үзінді оқу немесе ән айту.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің БҚО департаментінің заңдылықты қамтамасыз ету тобының офицері Аян Ағабек, 2-орынды БҚО прокуратурасының бөлім прокуроры Асхат Тілеулиев, 3-орынды БҚО полиция басқармасының Орал қалалық басқармасы Шаған полиция бөлімінің анықтаушысы Айнара Байзуллина және БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, кіші сержант Асхат Серік иеленді. Жүлдегерлер дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.