«Мен қазақша сөйлеймін» облыстық акциясының қорытындысы

«Мен қазақша сөйлеймін» облыстық акциясының қорытындысы

«Мен қазақша сөйлеймін» облыстық акциясының қорытындысы

2025 жылдың 1 сәуір – 20 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығына орай мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерін ынталандыру және қолдау мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» облыстық акциясы өткізілген болатын.
Акцияға қатысушылар қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер», «Ана тілі» тақырыптарына жазылған өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (1,5-2 минут), әлеуметтік желіде (Instagram) #бқоменқазақшасөйлеймін2025 хештегімен жариялады.
Ережеге сәйкес акция үш жас ерекшелігі бойынша өткізілді:
1) 5-8 сынып оқушылары;
2) 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері;
3) жоғары оқу орындарының (одан әрі – ЖОО) студенттері мен ересек тұрғындар;
Акция қатысушыларының бейнероликтеріне С.Ганиева - БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы, А.Ақболатов - Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы БҚО бойынша қоғамдық бірлестіктің төрағасы; И.Султаниязова - М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы қазылық жасады.
Акция қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
1) «5-8 сынып оқушылары»:
I-орын - Орал қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандырылған №8 мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Рифферт Альберт (неміс). Жетекшісі: Хамитова Галия Жаксылыковна;
II-орын - Бәйтерек ауданы, Дариян ЖОББМ-ның 5-сынып оқушысы Калашникова Дарина (орыс). Жетекшісі: Исмагулова Айсана Қуанәліқызы;
III-орын - Орал қаласы, № 35 мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Юнина Милана. Жетекшісі: Нурмуканова Айгуль Избаскановна.
2) «9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері»:
I-орын – Бәйтерек ауданы, Ш.Уалиханов ат. ЖОББМ-ның 11 сынып оқушысы Крапп Валерия (неміс). Жетекшісі: Сырым Ақнұр Жолдасқызы;
II-орын – Ақжайық ауданы, №1 ЖОББМ-ның 10 сынып оқушысы Кадрова Маргарита (орыс).
III-орын – Бәйтерек ауданы, Переметный ЖОББМ-ның 9 сынып оқушысы Россейкина Алина (орыс).. Жетекшісі: Жазықбаева Гүлжиһан Жонысқызы.
3) «ЖОО-ның студенттері және ересек тұрғындар»:
I-орын - Орал қаласының полиция басқармасы көші-қон қызметі инспекторы полиция лейтенанты Липнау Кристина (неміс). Жетекшісі: Қарағойшиева Гүлжиян Амангелдіқызы;
II-орын - Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Хисаметдинова Светлана (татар).
III-орын - Тасқала ауданы, Тасқала ауылының тұрғыны Алмагамбетова Малика Ахмедовна (шешен).