«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы 

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы 

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы 

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 2025 жылдың 24 маусым күні облыстық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өткізілді.

Байқаудың  мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге ынтасын арттыру, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Таныстырылым. Аталған бөлімде қатысушы үміткер өзін ауызша (немесе өлең түрінде) таныстырып, тіл білу шеберлігін көрсету.

2) «Елтаным». Қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, ашылған тақырыпта (Қазақстан тарихы және оның көрнекті тұлғалары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлері, маңызды даталар және т.б.) мемлекеттік тілде ой толғау.

3) «Сөзтаным»  – қатысушы экранда ұсынылған жағдаяттан (кейс) шығу жолдарын баяндау.

4) «Өнер сайысы» - Белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп өлең немесе прозалық шығармалардан үзінді оқу.

         Байқау қорытынды бойынша:

         1-орын – Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бадиров Мирхат;

         2-орын – Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дамас Алтынгүл;

         3-орын – Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әбілқалым Айбек, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұхтарұлы Ерболат,  Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы Серикбаева Назира иеленді.