Батыс Қазақстан облысында «Көше тарихы – ел тарихы» облыстық акциясы өтті

 Батыс Қазақстан облысында «Көше тарихы – ел тарихы» облыстық акциясы өтті

         Батыс Қазақстан облысында «Көше тарихы – ел тарихы» облыстық акциясы өтті

         Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өңір тұрғындары арасында «Көше тарихы – ел тарихы» облыстық акциясы өткізілді.   

         Акцияның мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Кеңес Одағы батырларының есімдері берілген көше атауларының тарихын және тұлғаның ерлік істерін насихаттау.

          Акцияға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Кеңес Одағы батырларының есімдері берілген көшеде тұратын өңір тұрғындары қатысты. Акцияға қатысушылар көше атауының тарихи-танымдық сипатын бейнетаныстырылым арқылы ұсынды.

        Нәтижесінде, ережеге сай сапалы бейнеролик ұсынған Райхан Лұқпанова (Бөрлі ауданы) жүлделі I орынды, теректілік Айым Орынбасарова жүлделі II орынды иеленді. Сонымен қатар Дәулетбек Ысқақ (Орал қаласы), Ерасыл Мәлік (Бөрлі ауданы), Сәуле Маратқызы (Сырым ауданы) жүлделі III орынға лайықты деп танылды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.