Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі 2025 жылдың 15 мамыр күні Орал қаласында «Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар және мәселелер» атты республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды.
Семинар-кеңестің мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету жолдарын айқындау, әдістемелік қолдау көрсету.
Аталмыш семинар-кеңес «Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған инновациялық жобалар көрмесімен» басталды. Көрмеде басқарманың облыста тілдік ортаны дамытуға бағытталғанонлайн платформалар, жаңа үлгідегі қазақ тілінде ерекше жазылған маңдайшалар, атауы қазақ тілінде ерекше жазылған өнімдер, «Тілге құрмет» қоғамдық тіл инспекциясы» жобасы жәнеәдістемелік көмекші құралдар ұсынылды.
Республикалық семинардың жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов, Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т.Құспан, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары мен мамандары, облыстық прокуратура, жергілікті атқарушы органдары мамандары қатысты.
Республикалық семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев кіріспе сөзбен ашып, республикалық іс-шараның жұмысына сәттілік тіледі.
Республикалық семинарда сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т. Құспан тіл заңнамасын жетілдіру мәселелелері, ҚР Бас прокуратурасының өкілі Г.Тәуел тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуде ескеретін жағдайлар туралы айтса, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы С.Қ.Ганиева облыста атқарылған жұмыстар мен жаңа жобалар туралы баяндады.
Қатысушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды.