Тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мәселелер бойынша іс-тәжірибе алмасу

Тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мәселелер бойынша іс-тәжірибе алмасу

Тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мәселелер бойынша іс-тәжірибе алмасу

«Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар және мәселелер» республикалық семинар-кеңестің аясында Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқармаларының, сондай-ақ Орал қалалық және аудандық бөлімдерінің мамандарының қатысуымен секциялық отырыс өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Ернияз Рыскелдіұлы Сұлтан жүргізген секция жұмысының басты мақсаты тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету бағытында орын алған проблемаларды анықтау, шешу жолдарын айқындау, тәжірибе алмасу, бірізділікті қалыптастыру және шешімдер қабылдау болды.

Қатысушылар мемлекеттік мекемелерде тексеру жүргізу тәртібі, ТСОБТ/ЕРСОП және ӘҚБТ/ЕРАП платформаларымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Сұрақ-жауап, ойталқы форматында өткен пікір алмасу тіл заңнамасын тиімді іске асыру бағытында ортақ ұстанымдарды қалыптастыруға мүмкіндік берді