Оралда тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды
2025 жылдың 15 мамырында «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының» салтанатты ашылуы өтті.
Жаңа орталықтың мақсаты – ересек тұрғындарға мемлекеттік тіл мен өзге де шет тілдерін үйренуге мүмкіндік жасап, тіл мәдениетін арттыру, тіл саясатын жүзеге асыру.
Салтанатты шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, облыс және қала басшылығы, ардагерлер, ғалымдар, маслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.