«Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа инновациялық бағыттары» атты көрме өтті

«Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа инновациялық бағыттары» атты көрме өтті

«Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа инновациялық бағыттары» атты көрме өтті

«Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар және мәселелер» республикалық семинар-кеңестің аясында «Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа инновациялық бағыттары» атты көрме өтті.

Көрмеде басқарманың  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының сақталуын қадағалауға бағытталған «Тілге құрмет» қоғамдық тіл инспекциясы», оқушыларарасында жүзеге асқан «Бір беттік кітап» жобаларының және онлайн платформалардың таныстырылымы өткізілді.

Сонымен қатар тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол бермеу туралы ұсынымдама, «Банк, медицина, сауда саласында және қоғамдық орындарда тілдесуге арналған қалта сөздіктері», ресми іс қағаздарын жүргізу бойынша қызметтік хат түрлері мен сипаттамасы, мемлекеттік тілде құжат дайындауда басшылыққа алатын тілдік нормалар бойынша әдістемелік құралдар таратылды.

Сондай-ақ жаңа үлгідегі қазақ тілінде ерекше жазылған маңдайшалар мен мемлекеттік тілді насихаттауға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің «Балдай тәтті» кондитерлік өнімдері, «Auyz tea» этно-кафесі, «Kitapal» кітап дүкенінің өнімдері ұсынылды.