Құрылысшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады!

Құрылысшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады!
Біз жанқиярлық еңбегімен, құрылысшылар еңбегіне адалдығымен елге танымал болған әйелдерді мақтан тұтамыз! 8 наурыз қарсаңында Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының ұжымы құрылысшы әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады! Адамзаттың әдемі жартысы нағыз әйелдің қолынан келмейтін ештеңе жоқ екенін әлдеқашан дәлелдеді. Күнделікті маңызды міндеттерді шеше отырып, отбасы мен үй қамын нәзік иығына салып, әйел нәзіктік пен махаббаттың, даналық пен сұлулықтың бейнесі болып қала береді.
Біз шын жүректен мақтанамыз және сіздің мақсаттарыңызға жету, жақын адамдарыңызға қолдау көрсету және жылулықпен бөлісу қабілеттеріңізді мақтан тұтамыз. Ұзақ жылғы жанқиярлық еңбектеріңіз бен мамандыққа берілгендіктеріңіз үшін рахмет! Сіздің жоғары кәсібилігіңіз бен шабытыңыз болмаса, құрылыс саласы бүгінгі жетістіктерге жете алмас еді. Өңірдегі әрбір инфрақұрылым, әрбір ғимарат, әрбір қоғамдық кеңістік сіздің адалдығыңыз бен табандылығыңыздың арқасында жақсаруда.
Сізден үлгі алып, құрылыс мамандығын таңдайтын жас мамандар көбейеді деп сенеміз! Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!