Ант қабылдау рәсімі

Ант қабылдау рәсімі

13 қараша күні Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Сынақ мерзімінен сәтті өткен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкер Бисенбаева Ұлболсын Бикжанқызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Шара барысында Басқарма басшының м.а. Р.Гайнутдинов жас мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аямай жұмсауға шақырды.

Шараға облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Н.М.Ажгалиева, ұжым қызметкерлері қатысты.