"Ашық есік" күні

"Ашық есік" күні

Мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, мемлекеттік қызметі туралы ақпаратты халыққа жеткізу, мектеп түлектеріне дұрыс мамандық таңдауға бағыттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында жоғары сынып оқушыларымен «OPEN DAY» іс-шарасы өткізілді.

Орал қаласының №46, №21, №32, №12, №23, №37, №18 және №10 мектептердің оқушылары «Ашық есік» күні аясында мекеменің құрылымымен, стратегиялық мақсаттарымен, функционалдық міндеттерімен танысты.