БҚО Казталов ауданы Жұлдыз ауылында 108 орындық мектептің ашылуы

БҚО Казталов ауданы Жұлдыз ауылында 108 орындық мектептің ашылуы
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні және оқу жылының басталуы қарсаңында БҚО, Казталов ауданы Жұлдыз ауылында 108 орындық мектеп ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Сонымен қатар салтанатты рәсімге БҚО мәслихат төрағасы Мұрат Мукаев, БҚО Құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиев және мердігер компания «Альтаир» ЖШС басшысы Нұрлан Қуанғалиев қатысты.
Мектеп құрылысы 2020 жылы «АлауҚұрылыс» ЖШС-мен басталған болатын. Құрылыс мерзімі – 8 айды құрады. Құрылыс жұмыстары мердігермен жұмыс өндіріс кестесінен үлкен артта қалумен жүргізілді. 2021 жылы аудандық құрылыс бөлімінен нысан БҚО құрылыс басқармасына қабылданып, жобаға түзетулер жүргізілді. 2022 жылы келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігер жосықсыз деп танылып, құрылысты аяқтау үшін қайта конкурс өткізілді. Мердігер – «Альтаир» ЖШС анықталды.
Ғимараттың жалпы ауданы 1536,28 шаршы метр болатын 1 қабатты 108 оқушы орынға есептелген оқу корпусынан, дене шынықтыру-спорт корпусынан және оқу корпусына жалғанған сыйымдылығы 70 орындық акт залынан тұрады. Бұдан басқа жаңа мектеп ғимаратында жалпы оқу бөлмелері, 40 орындық асхана, оқу залы мен кітапхана, оқу-өндірістік ұл балаларға және қыз-балаларға арналған шеберханалар, медициналық пункт және әкімшілік – шаруашылық бөлмелері бар.