Бөрлі ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы

Бөрлі ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы

Ағымдағы жылдың 12 наурыз және 24 наурыз аралығында ауа температурасының көтерілуіне және қардың күрт еруіне байланысты Бөрлі ауданының 4 ауылдарында (Ақбұлақ ауылы 6 үй, Пугачево ауылы 4 үй, Кентубек ауылы 5 үй және Аралтал ауылы 1 үй) тұрғын үйлер суға кеткен болатын. Қазіргі таңда, баспаналары суға кеткен тұрғындар үшін жаңадан салынып жатырған тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде.

Ақбулақ пен Пугачево ауылында құрылыс «НазТур» ЖШС  мекемесімен жүргізіліп жатыр. Ал, Кентубек пен Аралтал ауылында, құрылыс «Остов» ЖШС мекемесімен жүргізіліп жатыр. Мердігер мекемелер құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айының басында бастап, бүгінгі күнге дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын 60 % орындады. Атап айтқанда, іргетас, еденге бетон құю, сумен жабдықтау, кәріз желілері, қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталып, шатыр мен терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлық тұрғын үйлерді ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Өз кезегінде, Басқарма құрылыстың сапалы болуын және құрылыс жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуін бақылауда.